Махаббатым мәңгілік / Моя вечная любовь (2013) HDRip
08.10.2013, 17:44
Шекспирдің "Ромео мен Джульетта" драмасының қазақстандық нұсқасы жасалды. "Махаббатым мәңгілік" ("Вечная любовь") деп аталатын фильмді жас режиссер Самат Базыханов түсіріпті. Бұл режиссердің алғашқы еңбегі. Фильмде өзі басты рөлде ойнайды. Ал ғашық қызының рөлінде - белгілі әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова. Сюжетте кедей отбасынан шыққан жігітке ғашық болған байдың қызы туралы баяндалады. Екеуінің бас қосуына ата-аналары мен түрлі өмір жағдайлары кедергі болады. Фильмдегі Шекспир оқиғасы қазіргі заманға сәйкестендірілген. Картина Алматы мен Шымкентте түсірілген. Қыздың ата-анасын Бақыт Шадаева мен Бақтияр Қожа сомдайды, ал жігіттің анасы рөлін Гүлнар Дусматова орындап шыққан. Фильм жуырда экранға шығады.
Скора у нас + Саундтрек к фильму «Махаббатым мәңгілік!» (Моя вечная любовь!)